2. GIMP-те не жаңалық бар

GIMP ішіндегі соңғы өзгерістерден хабардар болып отырудың ең жақсы жолы — веб-сайтымыздағы жаңалықтарды тексеріп тұру.

Соңғы шығарылымның құжаттамамыздағы қатысты беттерге сілтейтін локализацияланған өзгерістері болғаны жақсы болар еді, біз мұны түсінеміз. Алайда командамызда мұны жүзеге асыру үшін еріктілер жеткіліксіз. Құжаттамамызды жаңартуға немесе аударуға көмектесетін адамдар көбірек болса, қуана қарсы алар едік, сондықтан тартынбай, бізге хабарласыңыз.